Жаңа серіктестік

12-02-18

Сіздерге «Documentolog» компаниясымен жаңа ынтымақтастық туралы жариялауға және сіздердің назарларыңызға біздің алғашқы бірлескен «Documentolog Indoor Triathlon» жарысымызды ұсынуға өте қуаныштымыз!
.
Барлық триатлон жанкүйерлерінің көңілінен шыққан триатлонның бұл форматтағы жарысы биылғы жылы «Documentolog» компаниясының қолдауымен өтеді. Бұл ынтымақтастықтың арқасында, қатысушылар үшін жарысқа қатысу құны төмендетіліп, жүлдегерлер үшін арнайы ақшалы сыйлықтар табысталатын болады.
.
Жақын арада көптен күткен indoor-триатлон бойынша жарысқа тіркелу ашылады. Жарыс форматы өзгеріссіз уақыт шектеуліктері бойынша өтеді: 10 минут жүзу, 25 минут вело және 15 минут жүгіру.

Жарысқа тіркелуді жіберіп алмаңыз!