"ITU World Cup Astana 2018" триатлон бойынша Әлем Кубогының шеңберіндегі балалр жарысы

21-05-18

20 мамыр күні "ITU World Cup Astana 2018" триатлон бойынша Әлем Кубогының шеңберіндегі балалр жарысы өтті.

Триатлон бойынша Әлем Кубогы ТМД елдері арасында Қазақстанда бірінші рет өткізіліп отыр. Әлем Кубогының алғашқы күні – 19 мамырда – 38 мемлекет келген 130 кәсіби спортшылар арасында жарыс өткізілді. Кубоктың екінші күні балалар мен әуесқойлар арасында жарыс орын алды.

Балаларыс арасында жүгіру бойынша жарыс 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам жас спортшылар арасында өтті. Олар 8 жас категорияларына бқлініп, 500, 1000 және 2000 метрге дейін жететін арақашықтықтарды өту керек болатын.

Жарыс Триатлон саябағында, бір күн бұрын кәсіби халықаралық деңгейлі спортшылар арасында өткен жол бойынша өткізілді.

Жарыс нәтижелеріне сәйкес ең кішкентай жас категориясында қыздар арасында келесілер жеңімпаз атанды:

1 орын – Виктория Прохорова;

2 орын – Дина Батталова;

3 орын – Софья Зайцева.

Осы категорияда ұлдар арасында:

1 орын – Бектемир Жанартов;

2 орын – Дамир Акботин;

3 орын – Кирилл Нода.

 

 

1 км тең қашықтықта 9-10 жасар қатысушылар жарысты. Қыздр арасында бұл категорияда алтын медальлды Алена Черкасова, күміс медальды – Закира Кунтуарова, ал қола медальді – Амина Шахметова иеленді.

Сол категорияда ұлдар Алишер Утеулин (1 орын), Ерасыл Сарсенбай (2 орын) және Абилмансур Сатыбек (3 орын) жеңімпаздар атанды.

Ал 2 км қашықтыққа 11-12 және 13-15 жас категорияларындағы қатысушылар жарысты.

11-12 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында нәтижелер келесі болды:

1 орын иегерлері – Дәмелі Наурызбай мен Алинаби Маралбеков;

2 орын иегерлері – Аружан Селихан мен Аббас Утеулин;

3 орын иегерлері – Адия Жунизбекова мен Бек Мурат.

 

13-15 жасар спортгылар арасында үздік деп танылғандар:

Қыздар арасында – Елизавета Филина, Ангелина Габченко және Анастасия Филина, ал ұлдар арасында – Артур Батталов, Никита Афанасов және Алихан Тажи.