Сергей Бондаренко - Федерацияның жаңа жаттықтырушысы

29-12-18

 Біздің жаттықтырушылар құрамы тағы бір кәсіби спортшымен, көпжылдық тәжірибесі бар, елімізде триатлон дамуының бастауында тұрған, көптеген дарынды триатлеттердің тәлімгері болған бапкермен толығуда.

Бондаренко Сергей Васильевич – халықаралық дәрежелі спорт шебері, бірнеше рет Қазақстан чемпионы, Азия кубоктары мен Чемпионаттарының жүлдегері, Европа мен Әлем жарыстарының қатысушысы.

Жаңа жаттықтырушы кәсіби балалар триатлонын дамыту бойынша қарқынды жұмысқа кіріспек, сонымен қатар әуесқой спортшыларды да дайындауға ат салысады. Сондықтан, сіздерді отбасыларыңызбен біздің триатлон секцияларында күтеміз!