Қарқынды дамып келе жатқан жергілікті Федерация

09-12-18

 Қарқынды дамып келе жатқан жергілікті Федерация – дәл осындай арнайы жүлдеге Астана триатлон Федерациясы ие болды!

Осы демалыс күндері Қазақстан триатлон Федерациясының жыл сайынғы Конгрессі өтті.

Іс-шара барысында жыл нәтижелері қорытындалып, алдағы уақытқа жұмыс жоспары талқыланған болатын. Аталған жүлдемен қатар, Астана қаласының төрт өкілі «TEMIRADAM» құрметті атақтарына ие болды.

Марапаттау рәсімі Федерация Президенті – Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовтың қатысуымен өтті.
Барлық жүлдегерлерді шын жүректен құттықтай отыра, алдағы уақытта сәттілік тілейміз!