Астанада "BI Group Ironman 70.3 Astana 2018" өткізілді

19-06-18

16-17 шілде аралығында Астана қаласында триатлон әлеміндегі ең жарқын іс-шаралардың бірі - "BI Group Ironman 70.3 Astana 2018" жарысы өтті. 47 мемлекеттен 1000-нан астам, оның ішінде 700 қазақстандық спортшы қатысты. 

Дәстүр бойынша жарыс 16 шілде күні 5 пен 17 жас аралығында жүгіру мен дуатлон жарыстарына қатысқан балалар арасында басталды. Балалар үлкен белсенділік танытып, осындай спорт мерекесіне тәнті болды.

17 шілде күні 70.3 миль немесе 113 км-ден (жүзу- 1,9км, велокезең – 90 км, жүгіру – 21,1 км) тұратын басты жарыс барысында белгілі халықаралық деңгейлі атлеттермен қатар әуесқой спортшылар да қатысты. Олардың арасында Қазаөстан триатлон Федерациясының өкілдері де бар: федерация Вице-президенті және Алматы триатлон Федерациясының Президенті - Галимжан Есенов, Федерацияның атқарушы директоры - Асылжан Достияров, Астана қаласы триатлон Федерациясының Вице – президенті мен Бас хатшысы  - Илья Мещеряков және Саят Батпенов, Ақмола триатлон Федерациясының Президенті - Сандыбек Касенов, Қарағанды триатлон Федерациясының Президенті - Дмитрий Машенцев, Федерация қызметкерлері - Нариман Жапаров және Мұрат Аубакиров. Қостанай және Оңтүстік-Қазақстан Федерацияларының Президенттері -  Юрий Гринев пен Дандыбай Алимбаев жарысқа төрешілер ретінде қатысты. Әріптестер тек жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, салауатты өмір салтына деген ұмтылыстарымен бүкіл Қазақстанда триатлонды насихаттауға өз үлестерін қосты. 

Триатлон жанкүйерлеріне қолдау көрсетуге келесі құрметті азаматтар келген болатын: ҚР Премьер-Министрі - Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан триатлон Федерациясының Президенті - Кәрім Мәсімов, Қазақстан триатлон Федерациясының Вице-президенттері Дәурен Жақсыбек пен Айдын Рахимбаев және Қазақстан триатлон Федерациясының Бас хатшысы - Максим Крят.

 

Айта кету керек, Ironman сериясындағы беделді халықаралық жарыс алғаш рет ТМД елдері арасында Астанада өткізіліп отыр.  Іс-шара Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Дерек көз: triathlon.org.kz

Фотосуреттер "BI Group Ironman 70.3 Astana 2018" жарысының Facebook ресми парақшасында.