Триатлеттер туралы

АСЕЛЬ САДВОКАСОВА

Мен спортпен көп жылдар бойы шұғылданудамын. Бала кезімде мен өте ірі болатынмын, сол себепті мектепте мені мазақ қылатын жағдайлар да болған. Дене шынықтыру пәні бойынша сыныпта үлегерімі ең нашар оқушы болатынмын, себебі артық салмақтың кесірінен бұл пән маған өте қиын берілетін. Менің отбасым спорттан алыс және біздің кішкентай қалашықта спорт секциялары да жоқ болатын, сондықтан спортпен шұғылдану ойда да болған жоқ. Оның орнына мені музыка мектебіне екі аспазда (домбыра мен фортепианода) ойнап үйренуге берді. Сол кезден бастап менде бәсекелестік пайда бола бастады. Мен бірнеше рет жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Сол кезден бастап-ақ құрдастарымның мазақтарына жауап ретінде барлығына және өзіме үлкен жетістіктерге жете алатынымды дәлелдеу үшін ұмтылыс пайда бола бастағанын мен тек қазір түсінудемін. Бұл қасиет маған қазір өмірде де, спортта да үлкен көмегін көрсетуде. Бойжетіп, университет аяқтағаннан кейін мен артық салмақтан арылуды бастадым. Жаттығу залына келіп, неше түрлі штангалар мен гантельдермен жаттығуды бастадым. Сонымен қатар жүгіру мен дұрыс тамақтануды серік еттім. Уақыт өте келе біртіндеп 20 кг артық салмақтан арылдым. Сол кездері спорт менің өмірімде ойып тұрып орын алды. 30 жасымда бір таныс жаттықтырушы мені тхэквандо бойынша жаттығуға шақырды. Маған бұл спорт түрі қатты ұнады және мен оған бір жылдан астам уақыт бөлдім.

Бірақ, өкінішке орай уақыттың жетіспеуіне байланысты мен бұл спорт түрін тастауға мәжбүр болдым. Дегенмен таңертеңгі таза ауада жүгіруді қойған емеспін. Жүгіру маған нағыз рахат сыйлайды.

 5 жыл бұрын мен «World Class Astana» фитнес орталығына жазылып, бұл клубта әр алуан түрлері бар топтық жаттығуларға көп қатысатынмын.  Мен үнемі клуб өткізетін жарыстарға қатысып, жеңіске жететінмін. Тіпті «World Class»-тың ең мықты әйел адамы атанғанмын. Бір кезде мен бұдан да үлкен бір нәрсені қалайтынымды сезіндім. Таныстарымнан 2018 жылдың маусым айында Астанада «Ironman 70.3» өткізілетіні туралы естідім. Ол кезде бұл не екенін де білмейтінмін. Ғаламтордан бүкіл ақпаратты ақтардым, сол кезде бұл жарысқа қатысатын адамдар маған шынайы батырлар болып көрінетін. Бірақ бір сәтте «Бұл басқалардың қолынан келсе, мен де бұған қол жеткізе аламын»-деген ой келді. 4 қаңтардан бастап дайындала бастадым, жаңа жылдық тойлаулардан кейін. Жаттығу барысынан өзіме қатты ұнайтын күш салатын жаттығуларды алып тастап, тек функционалды жаттығуларды қалдырдым (менің ойымша, бұл әр спорт түрінде өте қажет).

Жүзу техникамды жақсарту бойынша көп жұмыс істедім (маған «кроль» немесе «баттерфляй» жүзу стилін меңгерген спортшылар қатты ұнайтын. Мен осы екі стильді де меңгердім).

 

 

 

В марте Наурыз айныда Астаналық триатлон Федерациясы «Indoor Triathlon» бойынша фитнес-орталықта жарыс өткізді. Бұл жарыста мен өз жас санатымда бірінші орынға ие болдым. Жүлделі сыйлық ретінде маған Федерация жаттықтырушысымен бірге 1 ай бойы секцияға тегін түрде қатысуға сертификат табыстаған болатын. Содан бастап таңғы сағат 7-де және кешкі сағат 7-де жаттығулар басталған болатын.  Жұмыстан кейін мен өзіме қосымша жаттығулар ұйымдастыратынмын. Соншалықты «Ironman»-де мәреге жеткім келді.                 

 

Велосипедті жарысқа бір жарым ай-ақ қалғанда алдым. Оған тек сәуірдің соңында ғана отырдым. Неше рет құладым, әсіресе  арнайы велосипедке арналаған аяқ киіммен айдап үйренгенде. Бірақ, менің ойымша құлаған қорқынышты емес, құлағаннан кейін тұрмау қорқынышты.  Бір нәрсе қолыңнан келмей жатса, қайта-қайта тырысу керек, түбінде бір нәтижеге жетесін.

Нәтижесінде менің бірінші (және соңғы емес деп үміттенемін) жартылай «темір» қашықтығымды мен 5.52 уақытында өтіп шықтым. Бұл көрсеткішті Қазақстанның атақты Е. Шатная, М. Умбетова, С. Казыбаева секілді темір аруларының нәтижелерімен салыстырғанда, әлі көп жұмыс жасау керектігін түсінесін. Дегенмен финишке жеткен кездегі алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жарты жыл бұрын мен өз өмірімді сондай жаңа, көбі біле бермейтін, тансық спорт түрімен - триатлонмен байланыстырамын деп ойлаған жоқпын, ал қазір онсыз өмірімді елестете алмаймын.  Әр мәреге жету сәтім, жарыстың көпшілігі мен деңгейіне қарамастан, маған ұмытылмас эмоциялар сыйлайды.

Қазір қазақстандықтар үшін, әсіресе, астаналықтар үшін триатлонмен айналысуға барлық мүмкіндіктер жасалған, себебі біздің қаламызда қысқа супер-спринт қашықтықтарынан бастап «Ironman 70.3» секілді әр алуан жарыс түрлері өткізіледі. Сонымен қатар сорттық инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Бізге әлемнің түкпірінен мыңдаған километрлерден өтіп спортшылар келуде. «Ironman 70.3» қатысушыларынан жарыстың біздің елімізде өте жоғары деңгейде өткізілетіні туралы естіп, бір марқайып қалдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, неге жаңа Ironman атанбасқа? К.Қ. Мәсімов айтқандай: «Триатлонның кереметтілігі оның күрделілігінде». Мен осы сөздермен толық келісемін.

СЕРИК САПИЕВ

Менің триатлонмен танысуым indoor-триатлон бойынша кішігірім жарыстан басталған болатын. Бұл Астаналық триатлон Федерациясының өткізген жаңа форматтағы жарысы еді. Үйреншікті триатлон жарысынан өзгеше ұйымдастырылған бұл жарыс көпшілікті және мені де қатты қызықтырды. Мысалы жүзу кезеңі бассейнде, вело мен жүгіру жаттығу машиналарында өтті, ал қашықтықтардың орнына уақыт шектеуліктері берілді. Шыны керек, ерекше жағдайларға қарамастан, бұл жарыс көп күшті талап еді.

Сол кезден бастап мен триатлонмен қызыға бастадым, өз-өзімді одан да ауқымды жарыстарда сынап көру үшін  жүзуде өз шеберлігімді одан әрі қарай жетілдіруге кірістім.

 

 

 

 

2018 жылдың мамыр айында елімізде триатлонның дамуы үшін өте маңызды халықаралық деңгейдегі іс-шара өткізілді. Бұл ITU Әлем Кубогы. Мен үшін бүл триатлон бойынша алғашқы ауқымды жарысым болатын. Әуесқой спортшылардың көп болғаны және олардың триатлонға деген құлшыныстары өте қуантты. 145 адам бұл жарысқа қатысты. Жарыстың ұйымдастыру деңгейі халықаралық мәртебесіне сай болғанын атап айтқым келеді. Арақашықтықтар келесі болды: 750 метр өзеңде жүзу, 40 км қала бойынша веложарыс, 10 км жүгіру кезеңі. Ұйымдастырушылар жүзу кезеңін екі есе қысқартуды жөн көрді, себебі ауа-райы мен өзен суының температурасы +13 градусқа тең болатын. Ереже бойынша, жүзу кезеңін тіптен алып тастауы да мүмкін еді, бірақ көпшіліктің қуанышына орай жүзу кезеңін қалдырды. Нәтижесінде мен бұл жарысты 2 сағат 12 минут ішінде өтіп шығып, өз жас санатымда үшінші орынға ие болдым. 

Бұл жазда тағы бір аты шулы, әйгілі “IRONMAN 70.3 Astana” жарысы өткен болатын. Бұл жарыс өзінің ауқымдығымен, қатысушылар мен жанкүйерлердің көптілігімен таң қалдырды. Мұндай спортқа деген қызығушылық қуантпау мүмкін емес. Бұл жолы арақашықтықтар 1900 метр жүзу, 90 км веложарыс және 21 км жүгіру кезеңдерінен тұрды. Осы барлық кезеңдерден өтіп шығып, мәреге жету сәті мен жартылай темір адам атағын алу қандай ұмытылмас эмоциялар сыйлағанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Сол шақтан бері триатлон менің өмірімнің ажыратылмас бір бөлігі болып қалды! Енді жарыстардың жаңа маусымын күтудемін!

МАРК СТАРОСТИН

Соңғы жылдары триатлон Қазақстанда, әсіресе Астана қаласында үлкен танымалдылыққа ие болды. Осы спорт түрімен шұғылданатын қала тұрғындарын Астанынң спорттық объектілерінде жиі кездестіруге болады. Көптеген басқа спорт түрлерінің кәсіби спортшылары өздерін триатлонда сынап көруде. Мұның себебі триатлон адамдарда қызығушылық тудырады. Бұл өте қарқынды және болжам жасауға келмейтін, тосын сыйларға толы спорт түрі. Қашықтықты өту барысында барлығы бірер секунд ішіндн өзгеріп кетуі мүмкін.

Жеке мен үшін триатлнмен танысу Астана қаласының қысқы триатлон бойынша бірінші Чемпионатынан басталды. Кейін эстафета жарысы барысында жүгіру кезеңіне қатыстым. Бірақ осы жылы Астанада өткен «ITU Әлем Кубогы» мен «IRONMAN 70.3 Astana» жарыстарының жанкүйері ретінде тамашалағаннан кейін, менде триатлондағы барлық үш кезеңді өз бетімен өтіп шығуға құлшыныс пайда болды.

Сүйтіп ойламаған жерден қалалық спринтерлік арақашықтыққа өткен «Астана-Триатлон 2018» жарысына қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болдым! Жарты жыл бұрын ғана мен өзіміді бұл спорт түрінде елестете де алмап едім, ал қазір алдымда жаңа мақсат - «IRONMAN 70.3 Astana 2019»!