Триатлон – бұл рухы және денесімен мықтылар спорты. Салауатты өмір салтын ұстанатын замануи адам үшін спорт түрі. Әрдайым жұмыс пен жеке мүдделер арасында күйзеліске тап болатын жағдайда триатлон дене мен ойдың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз-өзіңді, өз ойларыңды жеңе білу, себебі финишке жетіп, өзіңді жеңу үшін – өз-өзіңе сене білу қажет.

Жұмыс бағыттары:

  • Қала тұрғындарын триатлонмен шұғылдануға баулу, әуесқой триатлонды дамыту;
  • Балалар және жасөспірімдер арасында триатлоды дамыту;
  • Кәсіби триатлеттердің спорттық шеберлігін арттыру;
  • Бапкерлер мен төрешілерді дайындау және олардың біліктілігін арттыру.

Қазіргі таңда мемлекет, бизнес-қауымдастығы мен Федерацияның бірлесіп атқарып жатқан жұмысы арқасында Астана қаласында триатлонмен шұғылдану үшін барлық жағдайлар жасалған:

  • «World Class Astana» фитнес орталығы мен "Барыс-Арена" спорт орталығында әуесқой және балар секциялары жұмыс істеуде;
  • № 9 спорт мектебі негізінде балаларға арналған триатлон секциясы жұмыс істеуде;
  • Қажетті инфрақұрылым жасалған (Триатлон-парк саябағы, бассейндер, манеждер);
  • Жергілікті және халықаралық жарыстары ұйымдастыру мен өткізуде үлкен тәжірибе алынды.

Федерация жұмысының негізгі бағыты – бұл балалар триатлонын дамыту. Балалар триатлоны туралы толығырақ сілтеме арқылы өтіп, біле аласыздар.