Біздің сайтқа қош келдіңіз! Осы парақшадағы пайдалы ақпарат сізге триатлонда алғашқы қадамдар жасауға көмектеседі деген үміттеміз!
Триатлонмен кім айналыса алады?
Кез келген адам триатлонмен айналыса алады. Егер де сіз дене шынықтыру немесе фитнеспен айналысып, сонымен қатар кызықты жарыстарға қатысып, нәтижелерге қол жеткізгіңіз келсе, демек триатлон дәл сізге арналған спорт түрі!
Триатлон дегеніміз не?
Триатлон – бұл әр түрлі жастағы адамдарға сай келетін, шыдамдылық пен төзімділікке үйрететін, қызықты, заманауи спорт түрі. Триатлон спортшылары жарыс барысында 3 кезеңнен өтеді: жүзу, веложарыс және жүгіру. Уақыт жүзу кезеңінен бастап, барлық аралық кезеңдерді ескере отырып, жүгіру кезеңінің соңына дейін есептеледі. Транзит немесе транзиттік аймақтар – бұл жүзуден велокезеңге, велокезеңнен жүгіру кезеңіне көшетін аймақтар. Жарысты командалық эстафета ретінде өтуге болады. Бұл триатлонға алғаш қадам басып келе жатқан спортшылар үшін өте ыңғайлы.